21 қаз, 2025 сағат 17:19

"Тыныштықты қалаймын": Танымал блогер Aeka Posh хиджабын шешті

Фото: Instagram.com

Aeka Posh лақап атымен танымал блогер Айым Алтынбекова төрт жылдан кейін хиджабын шешкенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.

Блогер бұл туралы видео жариялап, екінші баласын босанғаннан кейін сондай шешімге келгенін айтты.

"Кейде жол ауысады. Сенім жоғалғаннан емес, іште бір тыныштық пайда болғаннан. Қазір басқаша әрекет ету керек дегенді сезесің. Мен хиджабты 4 жыл тақтым. Бұл саналы әрі шуақты кезең болды. Мен сол сеніммен өмір сүрдім. Күйеуім екеуміз Умрада 4 рет болдық. Әр барған сайын рухани толастау үшін, жақындау үшін, мұның бәрін не үшін екенін өзіме қайта есіме салу үшін. Мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Іздендім, оқыдым, тырыстым. Бірақ уақыт өте келе шаршау пайда болды. Сенімнен шаршау емес, айналадағы у-шудан. Әр қамыңды аңдитындардан, өз-өзіңмен бола алмайтыныңнан. Босанғаннан кейін өзім де қайта дүниеге келгендей болдым. Бәрі бұрынғыға қарағанда нәзігірек, тереңірек бола түскендей. Дәл қазір мен тыныштықты қалаймын. Жай ғана өзіммен өзім болғым келеді, орамалсыз, бірақ бұрынғы сеніммен. Менің сенімім ешқайда кеткен жоқ. Жолым үзілген жоқ. Қазір жай ғана басқаша күйге енді. Хиджабқа қайта ораламын ба? Оралуым да мүмкін, уақыт көрсетеді. Аллах менің ниетімді көріп тұрғанына сенімдімін. Мен ақталып жатқаным жоқ және қолдауға зәру емеспін. Мен жай ғана ішімдегіні бөлісіп жатырмын, себебі шынайылық - нағыз сенім сол", - дейді Айым Алтынбекова.