22 сәу, 2026 сағат 12:50

Жамбыл облысында 108 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды

Фото: ашық дереккөз

Жамбыл облысында прокурорлар 100 млн теңгеден астам мемлекеттік қаражаттың жымқырылу фактісін әшкереледі. Бұл туралы облыстық прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.

Меркі ауданы прокуратурасы аудандық әкімдіктің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі тарапынан бюджет қаражатының жұмсалуына талдау жүргізген. Нәтижесінде мемлекетке 108 млн теңге көлемінде залал келтірілгені анықталған.

Анықталғандай, аталған бөлім Мынқазан ауылындағы тұрғын үй массивіне электр желілерін тарту құрылысы бойынша іс жүзінде орындалмаған жұмыстар үшін мердігер ұйымға қаражат аударған.

Осы дерекке байланысты 2026 жылғы 30 наурызда Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Іс әрі қарай тергеу жүргізу үшін ҰҚК-нің Жамбыл облысы бойынша департаментіне жолданған.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.