20 қаң, 2025 сағат 17:15

Жетісу облысында боранға байланысты тас жол жабылды

Фото: Dzen.ru

"ҚазАвтоЖол" Жетісу облысында көлік қозғалысын шектеу туралы шұғыл ақпарат жариялады, деп хабарлайды Ult.kz

"2025 жылғы 20 қаңтар сағат 13:20-да ауа райының бұзылуына байланысты "Үшарал-Достық-ҚХР шекарасы" автожолының 84-164 шақырым аралығындағы учаскесінде (Көктұма стансасынан Достық стансасына дейін) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады", - делінген хабарламада.