21 шіл, 2025 сағат 16:15

Жидебайдағы кесененің түнгі көрінісі жаңа кейіпке енді

Фото: Абай облысы әкімдігі

Абай облысының әкімі Берік Уәлидің бастамасымен Абай тойы қарсаңында Жидебайдағы Абай-Шәкәрім кесенесінің жарық шамдары жаңартылып, нысан жаңаша келбетке ие болды, деп хабарлайды Ult.kz.

Бұл жұмыс Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты «Қазреставрация» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қолдауымен жүзеге асты.