27 там, 2025 сағат 16:09

Жыл басынан бері жол апатынан 176 бала қаза тапқан


Фото: ашық дереккөзден

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев брифинг барысында жол апаттарынан болатын өлім-жітім көрсеткіші әлі де төмендемей отырғанын айтып, алты айдан астам уақыт ішінде 175 бала қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.

Марқұмдардың басым бөлігі көлікте жолаушы болған, ал қалғандары жаяу жүргінші, велосипед, самокат және мопед мінгендер қатарынан.

"Көп жағдайда ересектер ереже бұзған. Сондай-ақ балалар қауіпсіздік белдігін тақпаған. Жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өту, бағдаршамның қызыл түсіне өту, абайламау салдарынан да қайғылы жағдайлар болды. Сондықтан біз оларға үнемі түсіндіріп, жолда абай болуды үйретуіміз керек. Жүргізуші жол бергеніне көз жеткізбейінше, өтуге болмайды", деді Сұлтанбаев.