Фото: pixabay
Ақтөбе облысының Темір ауданындағы Кеңқияқ ауылында мектеп оқушысының қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Ult.kz.
Аудандық білім бөлімінің мәліметінше, оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты тексерілуде. Сонымен қатар білім беру ұйымы ішінде қызметтік тексеріс басталған.
Ресми ақпаратқа сәйкес, оқушы 6-сыныпта оқыған және толық отбасында тәрбиеленген. Қазір бала құқықтарын қорғау құрылымдары, уәкіл, мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжым оқушылардың қауіпсіздігі мен психологиялық жағдайына ерекше назар аударып отыр. Қажет болған жағдайда қосымша қолдау шаралары күшейтілетіні айтылды.
