23 сәу, 2026 сағат 11:46

Үш адамның өлімі: Щучинск маңындағы апатқа үкім шықты


Фото: medicalbusinesschool.com


Көкшетауда өткен жылдың тамыз айында Астана – Петропавл тасжолында болған жантүршігерлік жол апатына қатысты сот үкімі шықты. Үш адамнан тұратын бір отбасының өмірін қиған қайғылы оқиғаға кінәлі жүргізуші бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Ult.kz КТК арнасына сілтеме жасап.


Сот мәліметінше, айыпталушы көлікті сағатына 100 шақырымнан жоғары жылдамдықпен басқарған. Оның үстіне, рөлде отырып ұялы телефонға алаңдағаны анықталды. Сондай-ақ, ол таксиді міндетті сақтандыру полисінсіз жүргізген.


Қайғылы оқиға Щучинск маңындағы тасжолда болған. Hyundai Elantra көлігінің жүргізушісі жоғары жылдамдықпен басып озбақ болып, қарсы жолаққа шығып кеткен. Соның салдарынан ВАЗ-2107 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Апат салдарынан ВАЗ-2107 жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір адам ауруханада қайтыс болды. Ал шетелдік көліктің жолаушылары түрлі жарақатпен медициналық көмекке жүгінді.


Телеарна мәліметінше, қаза тапқан жүргізуші үш баланың әкесі болған және оларды жалғыз өзі тәрбиелеп отырған. Оқиға кезінде оның жанында ұлы мен қарындасы болған.


Сот үкіміне сәйкес, сотталған азамат марқұмдардың әрқайсысы үшін 5-тен 8 миллион теңгеге дейін моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.