Фото: Үкімет
Қазақстанда пайдаланылмай жатқан және заңсыз берілген 563 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
2026 жылдың басынан бері 1 миллион гектар аумақта 354 тексеру жүргізіліп, 500 мың гектарға жуық жер бойынша заңбұзушылық анықталған. Қазір 357,5 мың гектар жерді мәжбүрлі түрде қайтару мәселесі сотта қаралып жатыр.
Үкімет қайтарылған жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына енгізу мен жайылым тапшылығын азайтуға басымдық беріп отыр. Бүгінде жоспарланған 13,5 миллион гектардың 10,8 миллионы айналымға қосылған.
Алайда Ақтөбе облысы, Атырау облысы, Маңғыстау облысы және Ұлытау облысында жұмыс қарқыны төмен екені айтылды.
