Фото: depositphotos.com
Қазақстан су тапшылығы мәселесін шешу үшін жасанды жаңбыр технологиясын енгізбек. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дүниежүзілік метеорология ұйымы президенті арасындағы кездесуде белгілі болды, деп хабарлайды Ult.kz.
Жоба Түркістан облысы аумағында жүзеге асады. Онда БАӘ Ұлттық метеорология орталығымен бірлесіп, жауын-шашынды жасанды түрде шақыру арқылы су қоймаларын толықтыру және егістік алқаптарды сумен қамту көзделген.
Жоспарға сәйкес, бастама 17 мамырда іске қосылады. Осылайша, Қазақстан өңірде жасанды жаңбыр технологиясын қолданған алғашқы елдердің бірі болмақ.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы аталған ұйым президенті, сондай-ақ БАӘ Ұлттық метеорология орталығының бас директоры Абдулла Әл-Мандуспен кездесу өткізген.
