24 сәу, 2026 сағат 14:42

Талдықорғанда әйел адамды пышақтап өлтірген күдікті ұсталды


Фото: Хабар24


Талдықорған қаласында асханалардың бірінде болған жанжал қайғылы жағдаймен аяқталды. Ер адам әйелге пышақ жарақатын салып, ол ауруханада көз жұмған, деп хабарлайды Ult.kz.


Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға тұрмыстық жанжал кезінде болған. Күдікті ұсталып, қамауға алынған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.


Қылмыстық іс «адам өлтіру» бабы бойынша қозғалған.


Әлеуметтік желідегі деректерге сәйкес, марқұм 34 жаста, ал күдікті 36 жаста. Екеуінің арасында телефон арқылы жанжал туындаған. Кейін ер адам әйелге барып, оған бірнеше пышақ жарақатын салған.


Сондай-ақ күдіктінің бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Ол денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және ұрлық баптары бойынша сотталған.