Фото: ашық дереккөз
Алматыда автобус күтіп тұрған 66 жастағы әйелге ер адам шабуыл жасап, оны соққыға жыққан. Оқиға бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Ult.kz.
Полиция мәліметінше, күдікті жедел түрде анықталып, ұсталған.
"Қылмыс ізі суымай ашылды. Күдікті қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады ведомство.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
