24 сәу, 2026 сағат 17:53

Алматыда оқушы қыз мектепке балтамен келген: полиция тергеу бастады


Фото: Polisia.kz


Алматы қаласында оқушы қыздың мектепке балта алып келгені туралы дерек тіркелді. Оқиға бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Ult.kz.


Полицияның мәліметінше, кәмелетке толмаған жасөспірім әлеуметтік желіден нұсқаулық алып, заңсыз әрекет жасауға ниеттенген. Алайда құқық қорғау органдарының жедел әрекетінің арқасында оқиғаның алдын алу мүмкін болды.


Қазіргі уақытта тергеу аясында барлық мән-жайлар анықталып жатыр. Сондай-ақ жасөспірімді құқыққа қарсы әрекетке итермелеуі мүмкін тұлғаларды анықтау жұмыстары жүргізілуде.


Бұдан бөлек, оқушының заңды өкілдеріне қатысты бала тәрбиесіне байланысты міндеттерді тиісінше орындамау фактісі бойынша да іс қозғалды.