Фото: Elements.envato.com
Алматыда әлеуметтік желіде тараған даулы видеоға қатысты қатысушылар жауапқа тартылды, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ролик коммерциялық мақсатта түсірілген қойылым болған.
Кадрларда сауда орнында беті-басын толық тұмшалаған бірнеше әйел мен олардың жанындағы ер адам көрінеді. Алайда түсірілім барысында қатысушылар заң талаптарын ескермеген.
Тексеру нәтижесінде олардың қоғамдық орында тұлғаны тануға кедергі келтіретін киім кигені анықталып, бұл әкімшілік құқық бұзушылық ретінде бағаланған.
Жинақталған материалдар қаралып, кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға ескерту түріндегі жаза қолданылып, қосымша түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізілген.
