08 мам, 2026 сағат 15:11

Алматыда бұрынғы жұбайын қудалаған ер адам жауапқа тартылды


Фото: polisia.kz


Алматыда бұрынғы әйелін жүйелі түрде аңдыған ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралып, сот үкімі шықты. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.


Ведомство мәліметінше, қала тұрғыны бұрынғы жұбайы тарапынан үздіксіз қудалауға ұшырағанын айтып, құқық қорғау органдарына жүгінген.


Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу барысында құқыққа қайшы әрекеттерді растайтын дәлелдер толық жиналған. Нәтижесінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Іс материалдары сотқа жолданып, сот шешімімен ер адамға 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды. Сондай-ақ оған пробациялық бақылау белгіленді.


Полиция департаменті сталкингке қарсы заңнаманың күшейтілгенін еске салды. Енді адамның жеке шекарасын бұзып, еркінен тыс аңдыу, қайта-қайта байланысу және қорқыныш тудыру әрекеттері қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.